ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "ЕР ТАРҒЫН" БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Кіру
AA+
Қызылорда қаласы, Жанкент көшесі, құрылыс №1,
+7 (7242) 25-26-57
25-26-59
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "ЕР ТАРҒЫН" БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "ЕР ТАРҒЫН" БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Облыстық оқу орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 15 қараша күні жаңа инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, ойындар арқылы балалардың біліктері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Үлгілік бағдарлама мазмұнын кіріктірілген іс-әрекеттер арқылы жүзеге асыру» тақырыбында Қызылорда қаласындағы «Ер Тарғын» бөбекжай-бақшасы педагогтерінің іс-тәжірибесінен облыстық әдістемелік вебинар ұйымдастырылып өткізілді.
Шараға барлық аудандардың мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларынан 100 педагог қатысты.
Шараны Облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) «Мектепке дейінгі білім беру» бөлімінің әдіскері А.Уткелбаева ашты.
Әдістемелік вебинарды «Ер Тарғын» бөбекжай-бақшасының әдіскері Т.Саржанова атқарылып жатқан жұмыстар бойынша балабақша таныстырылымымен бастады.
Вебинар бағдарламасына сәйкес бөбекжай-бақша тәрбиешісі Л.Кушекбаева тәрбиленушілердің коммунативтік дағдыларын дамыту бағытында «Төрт түлік» тақырыбында кіріктіріліп ұйымдастырылған ойын іс-әрекетін ересек топ тәрбиеленушілерімен, Ә.Нүркенова «Күздің сыйы» тақырыбындағы кіріктіріліп ұйымдастырылған ойын іс-әрекетін ортаңғы топ тәрбиеленушілерімен көрсетті.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту бағытында С. Жалжанова «7 санымен таныстыру» математика негіздері бойынша кіріктіріліп ұйымдастырылған ойын іс-әрекетін мектепалды тобы тәрбиеленушілерімен ұсынды.
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды дамыту бойынша М.Аймаханова «Ұлттық құндылықтар біздің байлығымыз» тақырыбында сөйлеуді дамыту ұйымдастырылған ойын іс-әрекетін мектепалды топ тәрбиеленушілермен көрсетсе, Г.Оразалиева ересектер тобының тәрбиеленушілерімен «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында сөйлеуді дамыту кіріктіріліп ұйымдастырылған ойын іс-әрекетін ұсынды.
Балабақшаның логопед маманы И.Абилхан ересектер тобының тәрбиеленушілерімен «С дыбысын қою» түзету жұмысын жүргізді.
Мектепалды тобының тәрбиешісі Э.Ережепова «Есептерді ойда ментальды шешу» тақырыбында вариативтік білім беру бөлімінің жұмысын көрсетті.
Вебинар жұмысын бөбекжай-бақша әдіскері Т.Саржанова балабақшамен қамтылмаған балалармен жұмыстың (АКП) жоспарларымен таныстырып, педагог-психолог А.Қарақұлова, логопед маман И.Абилхан және медбике М.Бекниязова балабақшаға қамтылмаған балалармен (АКП) әдістемелік бағыты бойынша онлайын жұмыстарын көрсетіп қорытындылады.
Облыстық әдістемелік вебинар соңында сұрақтарға жауап берілді.
Әрбір ұйымдастырылған ойын іс-әрекеттерге ұсыныс, пікір айтылып талдау жасалды. Вебинарға қатысушылар әдістемелік бағытта жұмыстарын ұсынған шығармашыл ұжымға алғыстарын білдіріп вебинар жұмысы қорытындыланды.