Ұстаздар мерекесі – еңбегі ерен, жүрегі мейірімге толы тәрбиешілеріміз бен педагогтерімізге құрмет көрсететін ерекше күн! Осы мерекеге орай “Барлығына рақмет” атты іс- шарамыз өтілді.
«Ұстаздар мерекесі» іс-шарасының мақсаты:
Педагогтердің еңбегін бағалау, ұстаздық мамандықтың мәртебесін көтеру, тәрбиешілер мен педагогтерге құрмет пен ризашылық білдіру. Ұжым арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, көтеріңкі көңіл күй қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін қолдау.
Іс-шара соңында педагогтерімізге алғыс хат берілді.