Балалардың денсаулығы мен жарқын күлкісі – біздің басты құндылығымыз!
Балабақшамызда балалардың тіс саулығын сақтау және ауыз қуысының гигиенасын қалыптастыру мақсатында №5 емхананың қолдауымен бүлдіршіндерге тіс пасталары таратылды.
Бұл игі шараның басты мақсаты – балалардың тіс күтіміне деген қызығушылығын арттыру, тазалыққа баулу және жеке бас гигиенасын сақтауға үйрету.
Таза тіс – әдемі күлкі, ал әдемі күлкі – баланың бақыты!
Осындай пайдалы шараны ұйымдастырып, бүлдіршіндердің денсаулығына қамқорлық танытқан №5 емхана қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз!
Дені сау бала – жарқын болашақ!